#Т.РЫСҚҰЛОВ: КӨРІСУ КҮНІ ЕСКЕРІЛДІ

#Т.РЫСҚҰЛОВ: КӨРІСУ КҮНІ ЕСКЕРІЛДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов ауданы Қарақыстақ ауылдық «Бәйдібек баба» мешітінің имамы Қайсар Сұлтанов көрісу күніне орай өткен іс-шараға қатысып, ат салысты. Ауыл имамы мен тұрғындар ұлттық киімдер киіп, ұлттық тағамдарды әзірлеп, өзара көрісу күнін атап өтті.

«Бір жасың құтты болсын!» деп тілек тілеу ата-бабаларымыздың әр адамның туған күнін жеке-жеке тойламайтындығының дәлелі. Жаңа жылда бір жас қосылатыны анық. Сондықтан, осы күні ғана адамдар бір-біріне «жасың құтты болсын!» деп тілек тілейді. Бірақ 14-наурызды «көрісу күні» деп емес, «көрісу айты» деген дұрысырақ дейді этнолог мамандар.

Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің жазбаларында ертеде «14 наурыз, ескіше 1 наурыз көктемнің бірінші күні деп қазақ «Наурыздама» тойлайтын еді, Ол 8, 9 күнге созылатын еді» дейді. Басқа амалдар тойланбаса да, ең ерекше амал 14 наурыз тойланып, ол салт-дәстүрге айналып, ұлыстың ұлы мерекесіне айналған.

Қуаныш Түзелбеков 

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: