Нұр-Мүбарак университетінің ұстазы, белгілі дінтанушы Ризабек Батталұлы Шу жамағатымен дидарласты. Шу аудандық ішкі саясат басқармасының қолдауымен өткен кездесу өңірдегі «Жәми» орталық мешітінде және "Тоғай" мешітінде болды. Білікті маман асыл дінімізде садақа берудің, жақсылыққа насихат жасаудың маңызы зор екеніне тоқталды.
«Әрбір берілген садақаңыз – біреуге көмектесуден бұрын өзіңіздің екі өміріңізге салып жатқан инвестицияңыз. Сол арқылы отбасыңызға, кәсібіңізге береке кіреді. Ал ақыреттегі сауабын Алла береді. Сондықтан жәрдем тілеген жанға, мешіт-медресе құрылысына жұмсалған қайырымдылық өзіңіздің өміріңіз үшін қайырлы болады» деді Ризабек Батталұлы.
Сондай-ақ ол құлшылықта ықтиятты болу, мұсылман арасындағы ауызбірлік турасында да әңгіме қозғады. Жамағат көкейде жүрген сұрақтарын қойып, жауап алды.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі