Шу ауданының бас имамы Алмас Кенжемолдаев мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеу мекемесін зиярат етті. Балаларға қарап, тәлім-тәрбиесін беріп отырған тәрбиеші-ұстаздарға, жалпы 22 әйелге "8 наурыз - Халықаралық әйелдер" күніне орай сый-сыяпатын табыстады.
Көпшілікті аналар күнімен құттықтап, алғысын жеткізді. Балаларды қуантып, тілдесіп, көңілдерін аулап, мерекелік шараның куәгері болды.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі