#Тараз: Ислам дінін қабылдады

#Тараз: Ислам дінін қабылдады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Расскажи мне об Исламе» атты кездесу іс-шарасы ұйымдастырылып, 15 жастағы Милана мұсылман атанды. Құрбысынан ислам жайлы естіп, жүрегі иманға бұрылған бойжеткен мешітке келіп өз ниетін жеткізді. 

Жамағатпен танысып, Милана ұстаз Зейнеп Жідігерқызының насихатын тыңдады. Ислам шарттарын түсіндіріп өткен соң ұстаз қыздың өз қалауын сұрады. Исламды қабылдап шын жүректен мұсылман болғысы келетінін естіген соң кәлима-шахада айтқызды. 

Жамағат қуанып, қызды мұсылман атануымен құттықтады. Қыз баласының асыл екенін түсіндіріп, әурет жерді жабу керектігі түсіндірілді. Орамал тоң болмайды жол болады деген ниетпен орамал сыйға тартылып, қыздар Милананы орталарына тартты. 

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: