Қасиетті Рамазан айы өзге айларға қарағанда ерекше. Өйткені мешітке ағылып, мұсылман атанатындар саны арта түседі. Мұндай кезекті оқиға "Һибатулла Тарази" мешітінде орын алды.
Даниэль есімді жігіт мешітке келіп, исламды қабылдағысы келетінін жеткізді. "Ізгі қоғам" бағытына жауапты маман Есет Таласбаев азаматпен сөйлесіп, шариғат шарттарын атап өтті.
ҚМДБ-ның бастамасымен Ислам дінін жаңадан қабылдаған жандармен «Расскажи мне об Исламе» атты кездесулер жүргізілуде. Мұндай шара аясында Даниэль есімді жігіт мұсылман атанып, тілін кәлимаға келтірді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі