"Әл-Әділ" мешітінің шәкірттері арасында қасиетті Рамазан айына дайындық мақсатында "Он екі айдың сұлтаны - Рамазан" атты дөңгелек үстел өткізілді.
Ұстаз Ж.Бекназарова, шәкірттерге оразаның маңыздылығы мен шариғи үкімдері жайлы түсіндіре келе, шәкірттерді қасиетті аймен құттықтап сыйлықтар табыстады. Дөңгелек үстел соңында Құран Хатым дұғасы жасалып, Рамазаннан аман-есен тазарып шығу нәсіп болсын деген тілекпен қорытындыланды.