Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қолға алған жарапазан айту эстафетасы жалғасын табуда. Жамбыл облысының орталық «Һибатулла Тарази» мешіті мен Тараз қаласының имамдарының ұйымдастыруымен жарапазан жырланды. Бұл біздің дәстүріміздің жарқын көрінісі. Бабаларымыз Рамазан айының кіруімен құттықтап, үй-үйді аралап жарапазан айтқан. Бүгінде игі дәстүр сақталып, жалғасын тауып келеді.
Жарапазан жырын жергілікті өнерпаздар орындап, жұртшылықты құттықтады. Аталмыш іс-шараға мешіт тарапынан қызметкерлер атсалысып, белсенділік танытты.
Тараз қалалық орталық «Әулие ата» мешіті