#Байзақ: ЖАС ЖҰБАЙЛАРҒА ДӘСТҮР ҚҰҢДЫЛЫҚТАРЫ НАСИХАТТАЛДЫ

#Байзақ: ЖАС ЖҰБАЙЛАРҒА ДӘСТҮР ҚҰҢДЫЛЫҚТАРЫ НАСИХАТТАЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінің наиб имамы Бақытбек Бауыржанұлы жас отбасылармен кездесіп, «Дәстүр құңдылықтары» тақырыбында насихатын айтты.

Бақытбек Бауыржанұлы: «Отбасылы болу – Алланың адам баласына берген нығметі әрі сынағы. Әке атану, ана болу, бала сүю – өмірдің заңдылығы. Өмірдің қызығы да осы – ер мен әйел болып, бір-бірлерін толықтырып, «жанұя» атанып өмір сүруде жатыр. Бірақ, сол отбасын құрып, үйлене салу оп-оңай болғанымен, үй болып тату-тәтті ғұмыр кешу қиынның қиыны. Күн өткен сайын «Үйлену оңай, үй болу қиын» деген қазақтың келелі сөзінің мәні енді аңғарылып жатқандай», - деп отбасындағы дәстүр құңдылықтарын айтып өтті.

Мешітке келуші жас отбасыларға сый-сыяпат көрсетіліп, Құран кітабымен Қайрат Жолдыбайұлының «Дін мен діл» кітабы сыйға берілді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: