Ислам діні тазалыққа негізделген дін. Өйткені, мұсылманның құлшылығы өзін таза ұстаудан басталады. Адамзаттың арманы болған жәннәттың кілті намаз болса, намаздың кілті – тазалық.
Алла елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын):«Тазалық – иманның жартысы»– дегенхадисі арқылы мұсылмандарды тазалыққа жіті мән беруге шақырған.Тазалықтың артықшылығы туралы Алла Тағала Құран кәрімде: «Шүбәсіз, Алла (пендешілікпен істелген күнәнің артынша) қатты өкініп тәубе ететін тәубешіл құлдарын және үнемі тазаланушыларды жақсы көреді».
Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Аудандық Қордай мешітінің ұстазы Эльмира Аманқожақызының ұйымдастыруымен әйел қыздар жамағаты Рамазан айына дайындық ретінде мешітке тазалық жүргізілді.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі