Тұрар Рысқұлов ауданы Құлан ауылы «Сұлтан» орталық мешітінің әйел-қыздар жамағаты алғашқы ауызашарда бас қосты. Ауызашарға 20-ға жуық ораза ұстаушы ақ жаулықтылар қатысты.
Рамазан – Алланың мейірімі төгіліп, жұмақтың есігі айқара ашылатын, тозақ есіктері жабылатын, иманды күшейтуге мүмкіндік берілген қасиетті ай. Ауызашарда «30 күнге – 30 уағыз» айдары бойынша мешіт ұстазы Айгерім Шынали оразаның пайдасы жайлы уағыз айтты.
Қуаныш Тузелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі