Бүгін "Әбдірашит ата" мешітінің имамы Ахат Қайыпбергенұлы жаңадан намаз оқуға ниет етіп жүрген Дәулет және Темірхан есімді бауырларымызға намаз оқу үлгісін көрсетті.
Оқылған намазымыз қабыл болу үшін рүкіндері мен шарттары толық болуы керек екенін тілге тиек етіп, кеңінен түсіндіріп өтті. Өз кезегінде, жаңадан намаз үйреніп жүрген бауырларымыз Ахат Қайыпбергенұлына алғыстарын айтып, шын жүрекпен ризашылықтарын білдірді.
"Әбдірашит ата" мешітінің баспасөз қызметі