Талас ауданы Тамды ауылында Дін мен дәстүр құндылығы жылы аясында ауылдық мәдениет үйінде "Батаменен ел көгерер" тақырыбы аясында қариялар арасында сайыс өтті. Салт-дәстүрдің ішіндегі ең асылы көңіл сәнін келтіріп өмірдің мәнін ұғындыратын рухани құндылықтарымыз ол - бата.
Дастарханға бата беру, келінге бата беру, ақ жол сапарға шығушыға бата беру, бесік құда, шүлен тарту, айдар тағу, қазан жарыс тағы басқа да дәстүрлер бойынша қарияларымыз бақ сынасты. Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар дегендей жарыста оза шауып шыққан Жүсіп Егембердиев атамыз 1 орынды иеленіп, бағалы сыйлықтармен марапатталды. "Қазыналы қария" номинациясын Досымбек Ошақбаев ата алса, "Зейінді қария" номинациясы бойынша Мұхамадир Көшкінбаев қария, "Заманауй қария" номинациясы бойынша ауылдық ардагерлер төрағасы Берікбай Жақыпбеков марапатталды.
"Тәңкібай ата" мешіті баспасөз қызметі