"Жат ағымнан сақтандыру бағыты" бойынша Талас ауданы Қожағаппар ауылы, "Қолбасшы Қойгелді" мешітінің имамы Жексен Рақымжанұлы ауылдық мәдениет үйінде "Асыл дініміз діни экстремизм мен терроризмге қарсы" атты тақырыпта ауыл халқымен кездесу ұйымдастырды.
Аталмыш шараға ауылдың мәдениет үйі директоры Ербол Ғаниұлы да қатысты. Әуелі ауыл имамы сөз алып, асыл дінімізде адам баласының өмірінің маңыздылығы туралы сөз қозғап, асыл дініміздің экстремизм мен терроризмге мүлде кереғар екендігін тілге тиек етті. Өз кезегінде ауыл мәдениет үйінің директоры Ербол Ғаниұлы да сөз алып, мұсылманшылықтың дәстүрлі исламдық құндылықтар мен ата-баба жолы арқылы ғана танитынымызды айтып өтті. Жиын соңында ауыл имамы жиынға қатысушыларға алғысын білдіріп, ауыл мәдениет үйі директорына алдағы уақытта да осындай жиындардың өтуіне сеп болуын өтінді.
"Қолбасшы Қойгелді" мешітінің баспасөз қызметі.