"Дін мен дәстүр бағыты" бойынша Талас ауданы Үшарал ауылы "Абдулла" мешітінің имамы Қыдырбек Көпбосынұлының бастамасымен ауыл жастары арасында кіші футболдан жарыс ұйымдастырылды.
Аталмыш шарада ауыл жастары 4 футбол командасына бөлініп, жүлделі орындарға таласты. Арлан тобы жүлделі 3-орын алса, Ертарғын тобы 2-орын, Қобыланды тобы жүлделі 1-орынды иемденді.
Имам Қыдырбек Көпбосынұлы ауыл жастарына насихатын айтып, мұсылман адам әрдайым рухани әрі физикалық тұрғыдан да мықты болу керек екендігін тілге тиек етті.
"Абдулла" мешітінің баспасөз қызметі.



09 Ноябрь 2025
18 Джумада-авваль 1447

