Талас ауданы Ақкөл ауылы "Ақкөл" мешітінің имамы Сейткамал Әмірұлының бастамасымен мешіт жамағаты арасында ұлттық ойын асық атудан жарыс ұйымдастырылды.
Мешіт жамағаты асық атудан "алты-атар" ойынын ойнады. Аталмыш асық ойыны бойынша жеңімпаз тек біреу болды. Сағидулла Ермекұлы "алты-атар" ойыны бойынша асықтың бәрін атып алып, чемпион атанды. Ауыл имамы Сейткамал Әмірұлы барша шараға қатысқан жамағақа алғысын білдірді.
Ақкөл ауылдық мешітінің баспасөз қызметі.