#Қордай: Еңбек ауылында дін мен дәстүрге байланысты көрме болып өтті

#Қордай: Еңбек ауылында дін мен дәстүрге байланысты көрме болып өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы, Еңбек ауылында «Дін мен дәстүрге» байланысты іс-шара болып өтті. Көрмеге ауыл молдасы Абитаев Адамбек пен ауылдың белсенді адамдары мен ақжаулықты аналарымыз қатысты. Жиында ауыл имамы дұға-тілек жасады.

"Дін – иісі мұсылман баласының сан ғасырлар бойы сақтаған асыл мұрасы. Дініміз Ислам – адамгершілік пен парасаттылықтың, қайырымдылық пен ізгілік діні. Осынау асыл дінімізді әр саққа жүгіртіп, бұрмаламай өзінің тұнық қайнарынан үйренуге тырысқанымыз жөн. Дін мен дәстүрдің қоғамдағы алатын орны жоғары, ұлттық құндылықтар дұрыс қалыптасу үшін де атқарар маңызы өте зор. Дін – адамдық ізгі қасиеттерімізді асқақтатса, салт-дәстүр – ұлт болып қалыптасуымыз үшін қажет" - деп атап өтті имам.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: