Жамбыл облысы Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы Түймекент ауылының қариялары және жастарымен шахмат ойынын ойнады.
Шахмат – ғылыми ақыл-ой және халық шығармашылығы негізінде пайда болған ең танымды да, қызықты стол ойыны. Шахмат ойынын тақта үстіндегі соғыс деуге болады. Ойын тұңғыш рет Ү ғасырда Үндістанда шыққан. Ежелден қалған аңыздар бойынша, шахматты ең алғаш болып біздің эрамызға дейін 1000 жыл бұрын үндістандық математик ойлап тауыпты. Шахмат ойынының тұңғыш аты «чатуранга».
Шығыста ел билеуші патшаны «шах» деп атайды. Ал «мат» – «өлді» деген сөз екен. Сонда «шахмат» сөзін: «Қарсыластың патшасы (королі) өлді!» – деп аударуға болады. Шахмат тақтасы ақ және қараға боялған бірдей 64 шақпаққа бөлінеді. Ойынның мәні де осында, мұнда «ақ жағы» мен «қара жағының» екі армиясы 64 шаршылы тақта үстінде шайқасады. Ойынды заңды түрде 2 ойыншы ойнайды. Ойын екі жақтың бірінің короліне шабуыл жасалып, яғни «шах» қойылып, ол тығырыққа тірелген жағдайда «мат» болып, ойын аяқталады. Кейде қарсыластың королініне «шах» жасалмай, оның кәдімгі жүріс жолы қалмағанда «пат» болады, яғни, ойын тең нәтижемен аяқталады.