#Байзақ: ОБЛЫС БАС ИМАМЫ МЕШІТТІҢ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ

#Байзақ: ОБЛЫС БАС ИМАМЫ МЕШІТТІҢ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ата дініміз ислам діні – адамзатты имандылыққа, жақсылық жасауға, адамды қадірлеуге үндейді. Дінімізге деген құрмет отбасынан, мешіт табалдырығынан басталары белгілі. Аудан орталығы саналатын Сарыкемер ауылында халық саны артып келеді. Осы мақсатта, жомарт жүректі тұрғындар мен кәсіпкерлердің бастамасы әрі демеушілігімен қасиетті Рамазан айының қарсаңында келбеті мен сәулеті жарасқан жаңа мешіт ел игілігіне берілді.

Халықты имандылыққа ұйытып, бірлік пен ынтымаққа шақыратын Алла үйінің ашылуы Құран оқумен басталды. Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев, аудан әкімінің орынбасары Дулат Жақыпбеков, еңбек ардагері Серік Балабеков жаңадан бой көтерген мешіттің тұрғындарды имандылыққа тәрбиелеуде алар орны ерекше екенін атап өтіп, діни ғимараттың халыққа қалтқысыз қызмет көрсетуіне тілектестігін білдірді.

Салтанатты түрде мешіт лентасы қиылған соң, ақжаулықты аналар шашу шашты. Көпшілік жаңа мешітке кіріп, оқылған Құран аяттарын ұйып тыңдады.

Мешіт жамағатымен көрікті. Жамағатқа есігін айқара ашқан еңселі ғибадат орны – Аллаға құлшылық жасап, бес уақыт намазын оқитын, тұрғындардың бірлігі мен ынтымағына қызмет етеріне сенім кәміл.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: