Жамбыл облысы, Қордай ауданы «Рахман» мешітінің ұстазы Айгүл Дүзелбаеваның ұйымдастыруымен «Бала тәрбиесі» атты семинар өтті. Семинарда бала тәрбиесі ата-ана үшін ең маңызды міндет екені түсіндірілді.
Бала тәрбиесі ешқашан салғырт қарауды көтермейтін, аса бір күрделі де маңызды іс. Адамды адамдық қалыпқа келтіретін де, аздырып, тоздыратын да тәрбие жұмысы. Балаға жас кезінде әсер ететін құбылыстар әр түрлі болғанмен оларды тәрбиелеуші әрине ата-ана. Семинар соңы шәкірттердің такырыпқа байланысты сұрақтарымен қорытындыланды
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі