Қасиетті рамазан айының қарсаңында Евгений деген бауырымыз ислам дінін қабылдады. Аллаға сансыз шүкірлер болсын қасиетті Рамазан айының қарсаңында «Жақсымбет ата» мешітіне Евгений бауырымыз келіп, зор қуанышпен, үлкен ықыласпен иман келтіріп кәлимә-шәһәдә айтып мұсылман болды. Бауырымыздың ислам дінін қабылдау рәсімін «Жақсымбет ата» мешітінің ұстазы Сабироглы Ибраһим өткізді. Ибраһим ұстаз Ислам діні жайлы насихат айтып, асыл дінімізді таңдаған қадамына сауап тілеп, дұға жасады.
Жамағаттың, әсіресе түрлі ұлт өкілдерінің дінімізді құрметтеп, мұсылмандыққа бет бұрып, дінді қабылдауы Бірінші Алла, содан кейін осы хақ жолда қызмет етуші, Ислам дінін насихаттаушы имам – ұстаздардың қажымай қызмет етулерінің себебінен деуге болады.
Меркі аудандық «Меркі ата» баспасөз қызметі.