Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлы Рамазан айында жасалатын іс-шаралармен танысып, қасиетті айға дайындық жиналысын өткізді.
Бас имам Азамат Берікұлы ҚМДБ тарапынан бекітілген пітір-садақа мөлшері мен кестені таныстырып, өзекті мәселелерге тоқталды және қасиетті Рамазан айында атқарылу керек болған тапсырмалар талқыланды. Ауданға қарасты 29 мешітте Құран хатым жасалуын, тарауық намазының оқылуын, ауызашарларды ұйымдастыру, мешіттердің тазалығы және ерекше жобалар мен іс-шараларларды іске асыру турасында сөз болды. Мешітке келуші жамағатқа көркем мінезділікпен қарым-қатынас жасау, оларға Ислам діні туралы дұрыс бағыт-бағдар беру және облыстан келген тапсырмалар жүктелді.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі