Тұрар Рысқұлов ауданы Құлан ауылы “Қасымбай ата” мешітінде әйел-қыздар жамағатына арналған «Бала тәрбиесі» атты семинар өтті. Шараға арнайы Тараз қаласынан “Һибатулла Тарази” мешітінің ұстазы, әрі әйел-қыздар секторының басшысы Жазира Иманалиева және “Һибатулла Тарази” мешітінің ұстазы Жібек Болатбекқызы ұстаздар келіп қатысты.
“Бала тәрибиесі”, “Әйел кісілердің отбасындағы және қоғамдағы рөлі” туралы насихат айтып, қыз-келіншектерге екі өмірге де пайда беретін берекелі уағыз айтылды. Рухани іс-шараның басын “Сұлтан қажы” мешітінің наиб имамы Қуаныш Досымжанұлы қасиетті Құран Кәрім оқып салтаннатты түрде ашып берді. Мешіт ұстазы Айгерім Шынали сұрақ-жауап айдарын ұйымдастырып, келген қонақтарға сұрақ қойылып, ілім алмастырып, жауап берген кісілерге сыйлықтар таратылды. Рухани кешке 70-тен аса қыз-келіншектер мен апалар келіп, өз ризашылықтырын білдіріп, қимай тарқасты.
Қуаныш Тузелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі