Ел-жұрт сағына күткен ораза айы сауаптардың сарқылмас теңізі. Аталған қасиетті Рамазан айының құрметіне Жамбыл облысына қарасты барлық мешіттерде күнделікті 20 рәкаттан тұратын тарауық намазы басталады. Бүгін облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде алғашқы тарауық намазы оқылды.
ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев "тарауық" намазы жайлы тілге тиек етіп, Рамазан айының қасиетін сөз етті. Халықты айтулы мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Жиналған жамағат мешітке лық толды.
Облыстық мешітте тарауық намазын "Һибатулла Тарази" медресе-колледжінің ұстазы, қари Бірлік Аманкелді мен жас қари Рүстем Айдаров жүргізді. Алла қасиетті Рамазан айын барша жамағатқа сауапты, әрі берекелі етсін.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.