ЖАМБЫЛ ӨҢІРІНІҢ ҰСТАЗДАРЫ РАМАЗАН АЙЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖИЫНЫН ӨТКІЗДІ

ЖАМБЫЛ ӨҢІРІНІҢ ҰСТАЗДАРЫ РАМАЗАН АЙЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖИЫНЫН ӨТКІЗДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Әйел-қыздар секторына қарасты қала және аудан ұстаздарының кезекті жиналысы өтті. Сектор жетекшісі Жазира Иманалиева әйелдер жамағатының сауатын ашуға күш салып жүрген ұстаздарға рамазан айында атқарылатын айтулы шараларды түсіндіріп, қасиетті айдың жоспарымен таныстырды. 

Ұстаздардың пікірін, қосар ойын тыңдап, ұлық айды барынша пайдалы, руханиятқа, ілім мен білімге толы етіп өткізудің жолдарын ұйымдастырды. Құран курсын өткізу, діни рухани кештер, насихат жиындары сынды маңызды мәселелер тақыланды. 

Шара соңында Дін проблемаларын зерттеу оңалту орталығының инспекторы Камила Мырзабаева баяндама жасап, жат ағым өкілдерімен жұмыс жүргізу, жамағат арасында кездескен жағдайда қалай сөйлесу керек, қалай бағыт беру керек сынды дүниелерді түсіндіріп өтті.  

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: