#Меркі ауданы: Жүніс молда жамағаты айлық дастарханда бас қосты

#Меркі ауданы: Жүніс молда жамағаты айлық дастарханда бас қосты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Жүніс молда» мешітінің бас имамы Дастан Қасымалиевтың бастамасымен жамағат айлық дастарханға жиналды. Сөз басы  Алланың кәләмі Құран оқумен басталып, бата жасалды. Бас имам Дастан Қасымалиев пен мешіт ұстазы Есеналиев Еламан жамағатқа ислам құндылықтары, білмнің маңыздылығы, жамағаттың ауызбіршілігі турасында уағыз-насихат айтты. Іс-шара барысында сұрақ-жауап ойыны ұйымдастырылып дұрыс жауап берген жандарға сыйлықтар табыс етілді.

Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде:«Жамағатпен бірге болып, бөлінуден сақтаныңдар! Расында шайтан жалғыз адаммен бірге, ал екі адамнан алыс болады», – деп өсиет айтқан.

Меркі аудандық «Меркі ата» баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: