Меркі ауданының “Меркі ата” мешітінің әйелдер қыздар секторы “Қош келдің Рамазан” атты мерекелік іс-шара өткізді. Іс - шараға 34 адам қатысты. Жиын барысында ұстаздарымыз оразаның артықшылығы мен пайдасы, Қадір түнінің қасиеті жайында имани уағыздар айтылды, ораза жайлы сұрақ-жауап ойыны болды.
Барлық қатысушыға сыйлық ретінде кітаптар берілді. Іс-шараға қатысқан жандар өздерінің алғыстарын айтып, рухани азық алып қайтты. Жаратушы иеміз қасиетті Рамазан айын бізге Өзі разы болатындай пайдалы өткізуді нәсіп етсін!
Меркі аудандық «Меркі ата» баспасөз қызметі


10 Ноябрь 2025
19 Джумада-авваль 1447

