ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілдігі орталық "Һибатулла Тарази" мешітінде қала, аудан имамдарының және әйел ұстаздарының қатысуымен рамазан айына арналған жиын өтті.
Өңір бас имамы Бейбіт Мырзагелдиевтың басшылығымен өткен шарада бірер күнде басталатын қасиетті айда атқарылатын жұмыстар легі тілге тиек болып, жоспары таныстырылды.
Бас имам ауызашар дастарқандарын ұйымдастыру, тарауық намазы мен қарилар мәселесі, тазалық пен қауіпсіздік шараларына қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді. Мұқтаж жандарға мейлінше көмек беріп, қайырымдылық жұмыстары мен діни рәсімдерді атқаруда белсенділік танытуға шақырды. Хатым құран түсіретін мешіттер бекітіліп, «Рамазан – ізгілік айы» аясында шаралар өткізуде аудан мешіттерінде жауапты дін қызметкерлерін бекітуді тапсырды. Ұстаздар мен имамдарға «Рамазан – Құран айы» атты жамағатқа 1 айлық Құран курсын өткізу сияқты маңызды шараларды жүктеді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі