#Меркі ауданы: Сыйлық сыйлау - сүннет

#Меркі ауданы: Сыйлық сыйлау - сүннет

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы жамағатқа кітап сыйлады. Сыпатай ауылдық мешітінде өткен «Айлық дастархан» жыйынында алғаш мешітке келген ақсақалға исламдағы маңызды болған «Фиқһ» саласы бойынша жазылған «Ғибадат тұтқасы» кітабы табыс етілді және «Шақшам ата» мешітінің тұрақты жамағаты, денсаулығының кемшілігіне қарамастан тұрақты түрде жамағат намазынан қалмайтын, жүрегі мешітке құштар кісіге «Қасиетті Құран»  кітабы сыйға берілді. Жыйынға келген жамағат алғысын білдіріп, рақметін айтып, дән риза болып қайтты.

Алла Тағала баршамызға бес уақыт намазымызды жамағатпен бірге оқуымызды нәсіп қылсын. Жамағатымызды Жаратушымыз ауыз-біршіліктен айырмасын.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: