Қасиетті «Бараат» түнінде аудан имамдары мен мешіт жамағаттары Сыпатай ауылдық мешітінде жайылған айлық дастарханда бас қосты.
«Бисмиллә» деп айлық дастарханымыз қасиетті Құран аятын оқумен және батамен басталды. Ауданның бас имамы Азамат Берікұлы жиынға келген жамағатқа «Бараат» түнінің қадір-қасиеті жайында айтып, осы түнде көптеп құлшылық істеуге, зікір жасауға, Құран оқуға шақырды. Бұған қоса алдымызда келе жатқан қасиетті Рамазан айына қамдану жайында және бұл ай мұсылман адамның сауапқа кенелетін айы екенін айтып, оразаның пайдасы мен қадір – қасиеті жайлы кеңінен түсіндірді. Осы айлық дастарханды ұйымдастырған ауыл имамы мен жамағатына алғысын айтты.
Жиынға келген ауыл ақсақалы батасын беріп, имамдарға жен жиналған жамағатқа ризашылығын білдірді.
Меркі ауданедық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі