Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлы Жамбыл облыстық «һибатулла Тарази» медресе-колледжінде білім алып жатқан шәкірттермен кездесті.
Бас имам Азамат Берікұлы шәкірттермен сұқбаттасып, шәкірттерге білім алудың маңыздылығы, оның сауабы мен пайдасы турасында және білім-ғылымның дініміздегі алатын орны жайында уағыз-насихат айтты. Сұқбат барысында шәкірттерде өз ойларын ортаға салды. Сөз соңында бас имам шәкірттерді қасиетті дінімізге қызмет қылуға, Исламның дамуына өздерінің үслестерін қосуға шақырды.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі