Меркі ауданы, Сыпатай ауылдық мешітінде аудандық мешіттің наиб имамы Пирназаров Бауыржан жиналған жамағатқа «Ниет» жайында уағыз-насихат жүргізді.
Аудан наиб имамы: «Пайғамбарымыз(Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «Мүміннің ниеті амалынан жақсы. Алла ешбір күмәнсіз құылының амалына қарап бермегенді ниетіне қарай береді. Себебі ниетте рия болмайды. Керсінше амалға рия араласып кетеді»- деген. Сол себепті мұсылман адам әрдайым өзімен жұмыс жасап, бір салихалы амалды істер алдын міндетті түрде ниетін дұрыстау керек. Себебі Алланың разылығынан басқа нәрсені үміт етіп істелген амалда қайыр болмайды», - деп тыңдаушы жамағатқа дінімізде ниеттің өте маңызды екенін түсіндірді.
Алла Тағала баршамызға өзі разы болатын амалдарды жасауымызды нәсіп қылсын.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



11 Ноябрь 2025
20 Джумада-авваль 1447

