Меркі ауданына қарасты «Жүніс молда» мешітінің ұстазы Еламан Есеналиев жиналған жамағатқа «Аманат» тақырыбында уағыз-насихат айтты.
Алла Тағала қасиетті Құран Кәрімнің «Әнфәл» сүресінің 27 аятында: «Әй, мүміндер! Аллаға әрі Елшісіне опасыздық қылмаңдар, тағы біле тұра аманаттарыңа қиянат жасамаңдар», - деп бұйырған. Бұған қоса Пайғамбарымыз (Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Екі жүзді адамның үш белгісі бар: сөйлегенде өтірік айтады, уәде берсе орындамайды, аманатқа қиянат жасайды», - деген.
Еламан ұстаз дініміз Исламның да аманат екенін айтып, жамағатқа осы аманатты абыроймен атқарып, дінімізді берік ұстануға шақырды.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі