#Меркі ауданы: Ислам және дәстүр құндылығы

#Меркі ауданы: Ислам және дәстүр құндылығы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ауданымыздың бас имамы Азамат Берікұлы Сыпатай ауылының жамағатына «Ислам және дәстүр құндылығы» тақырыбында уағыз-насихат жүргізді.

Бас имам: « Қасиетті ислам діні мен халқымыздың ұстанған дәстүрі бір-біріне біте қайнасқан.  Ежелден ата – бабамыз дініне берік, дәстүріне құрметпен қараған. Кез – келген халықты ұлт ретінде сақтап қалатын нәрсе – дәстүрі,  мәдениеті мен тілі және осылардың негізі болып табылатын – діні. Ұрпақтан ұрпаққа аманат болып келген осы дініміз бен дәстүрімізді сақтап ұстану өзімізден кейінгі бала – шағамызға, ұрпағымызға үйрету мойнымыздағы міндет», - деп  келген жамағатқа насихатын айтты.

Сан ғасырлар бойы халқымыздың ұстанып келе жатқан дүниетанымының, адамгершілік құндылықтарының, әдеп-ғұрыпы мен салт-дәстүрінің төл дініміздің мақсаттарымен сай келетіндігі, бір арнада тоғысатындығы көрсетілген.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: