Мойынқұм ауданының бас имамы Рысбай Еспенбетов Күшаман ауылына іс-сапармен барып қайтты.
Рамазан айының қарсаңында Бас имам ауылдарды аралап, мешіттердің Рамазанға дайындықтарын қадағалап, кем - кетіктерін түгендеу жұмыстарын бастап кеткен болатын. Зерделеу жұмыстары Күшаман ауылында өз жалғасын тапты. Әуелі ауылдық "Ар Рахман" мешітін аралап, сыртқы әрі ішкі жұмыстарымен танысып, сөредегі кітаптарды да зерделеп өтті. Соңы ауыл тұрғындарымен кездесіп, тұрғындардың имамға қойған сұрақтары үшін тұжырымды жауаптар алып тарқасты.