Мойынқұм ауданының бас имамы Р. Еспенбетов Мойынқұм ауылының жастарымен кездесу ұйымдастырып "Адамның құндылығы" тақырыбында тәлім тәрбие насихатын жүргізді.
Тәрбиелі ұрпақ елдің ертеңгі жемісі дегендей, өткізілген іс-шара тікелей ұрпақ тәрбиесіне қатысты екендігін айта кетсек. Себебі жас кезінде естіген тәлім - тәрбие жөніндегі насихаттарды бала бойына тез қабылдап, өзгеге құрмет көрсету, жақсылық жасау сынды рухани таза жолды, өмірлік жол ретінде қалыптастыра алады. Бас имам жастармен жиі кездесіп тұрудың қажетті екендігін айтып өтті.
Ғ.Әлім
Мойынқұм тілшісі