Қордай ауданы, Отар ауылы «Ұлан» мешітінде нәзір құрбандығы шалынып, дастархан жайылды. Жиын еліміз бен жерімізді қорғаған ата-бабаларымызға, сарбаздарға Құран оқылумен басталды. Мешіт имамы Қанат Оразалиев жиналған көпшілікке келелі уағызын айтып жеткізді.
Ақсақалдар ел тыныштығын сұрап дұға жасады. Аталмыш іс-шараға «Гвардейский әскери горнизонының» бастығы полковник Ержан Мейіржанов және Отар округінің ауыл әкімі Дидар Есимов қатысты.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі