Жабыққанды жарылқап, зарыққанды жұбату – қашаннан келе жатқан ата салтымыз бірі. Қайырымдылық жасау үшін асып-тасып бай болу маңызды емес, ең бастысы мейірімді жүрек пен таза ниет болса жеткілікті.
Осыған байланысты, Қордай ауданы, Отар ауылы «Ұлан» мешітінің молдасы Қанатбай Оразалиев пен жақсылықты жаны сүйетін азаматтар он отбасыға түрлі азық түлік таратты. Көмек көрсетілген отбасы мүшелері алғыстарын айтып, ізгі ықыластарын білдірді.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі