#Шу: Дін мен дәстүр құндылықтары насихатталды

#Шу: Дін мен дәстүр құндылықтары насихатталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Барлық адам баласы бір ата мен анадан тараған. Түбі бір ата-анаға барып тірелсе де, әр халықтың өзіне тиесілі алуан-түрлі әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрі бар. Аятта айтылғандай, Алла Тағала ұлыстар мен тайпаларды өзара тану үшін жаратқан. Әр халықтың өзін танытатын салт-дәстүрі бар. Егер салт-дәстүрі жойылса, сол халықтың өзі де жойылары сөзсіз.

Дініміздің дәстүрге сіңген құндылықтарын жеткізу мақсатында Белбасар ауылдық "Хати Сауранбай" мешітінің имамы Бақыт Тілемісов ауыл тұрғындарымен дидарласты. 

Дін мен дәстүр, отбасы құндылықтары, некенің қасиеті, бала тәрбиесі турасында насихат айтып, көпшіліктің сұрақтарына жауап берді. 

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: