М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде «Ислам және дәстүр құндылықтары» атты университеттің аға оқытушыларымен және студенттерімен кездесу өтті. Шараға облыс бас имамы, РАНТ мүшесі, ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысты.
Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Тұрлыбек Аслан Еділханұлы «Дін және зайырлы мемлекет» жайында баяндама жасаса, Облыстың бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев сөзі «Білім алу әрбір мұсылманға парыз» турасында насихат айтты. Ал Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы орынбасары Шәріп Дәулетбаев «Тәрбие тал бесіктен басталады» турасында, ҚМДБ пәтуа бөлімінің маманы, РАНТ мүшесі Елбек Тасболатұлы сөзі «Отанды сүю иманнан» тақырыбында сөз сөйледі.
Ислам діні – ұлтымыздың басты рухани негізі, ата-бабаларымыздың ұстанған, қастер тұтқан жолы. Әлмисақтан мұсылман болған халқымыз әркез діні мен дәстүрін қадірлеп, ғасырдан ғасырға осы екі қасиетті ұғымды ұштастыра білу арқылы Құдайға деген құлшылығын жасап, дарқан мінезінен таймай, ұрпағын ізгілікке тәрбиелеп келген. Биылғы жылды Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы деп жариялаған болатын. Осыған орай, шарада дәстүрлі құндылықтар сөз болып, жастардың сұрақтарына жауаптар берілді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі