РАНТ МҮШЕСІ ТҮЗЕТУ МЕКЕМЕСІНДЕ НАСИХАТ АЙТТЫ

РАНТ МҮШЕСІ ТҮЗЕТУ МЕКЕМЕСІНДЕ НАСИХАТ АЙТТЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Өңірде дін саласында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін Жамбыл облысына арнайы келген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанындағы республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі, ҚМДБ-ның Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Елбек Тасболатұлы облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №58 түзеу мекемесінде сотталушылар арасында кездесу өткізді. 

Шараға ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы, Ізгі қоғам бағытына жауапты Есет Таласбаев, Пәтуә бліміне жауапты Нұрсұлтан Зұлпыкаров және Жамбыл облысы әкімдігінің Дін істер басқармасы, “Дін проблемаларын зерттеу орталығының“ инспекторы Мұстафа Айдарханұлы қатысты. 

Жазасын өтеушілерге жат ағым туралы ақпарат беріп, оның қоғамғы зияны, шариғатта адасқан тұстары, жат ағым ұстанушыларының белгілері жайында сөз қозғады. Мамандар көпшіліктің сұрағына жауап беріп, нақты дәлелдер мен мысалдар келтіріп өтті. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: