РАНТ мүшесі, Пәтуә бөлімінің маманы Елбек Тасболатұлы Тараз қаласы "Әзірет Әли" мешітінің жамағатымен жүздесті. Білікті маман жат ағым турасында мардымды уағыз жүргізді.
"Қазақ даласына Ислам діні келгеннен бастап халқымыз осы уақытқа дейін имам Матуриди ақидасын, имам Ағзам Әбу Ханифа мәзһабын ұстанып келді. Бұл олардың бірлікте болуына, адасып, түрлі жат ағымның жетегінде кетпеуіне басты себеп болды. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сахабаларын әркез бірлікке үндеп, жік-жікке бөлініп, дұшпандық қылудан сақтандыратын. Жастарымыздың жат ағым жетегінде кетуінің ең басты себебі – діни сауатсыздық. Діни сауаты төмен адамның түрлі ағымдардың сөзіне еріп, алдауына көніп қалуы оңай" - дей келе жат ағымның өзгешелігі, дінге сәйкес келмейтін, адасқан тұстарын түстеп, қателіктерін нақты дәлелдермен айтындап берді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі