Биылғы Рамазан айы ораза тұтып, кешкілік мешіттегі тарауих намазына қатысушы қауым үшін ерекше жаңалықтарға толы болып тұр.
Ауыл имамы Асхат Көпбосыновтың мұрындық болуымен, мешіт айналасын қасиетті Рамазан айына безендіру мақсатында, ғимаратқа ерекше көрік беретін жарық құрылғылары орнатылды. Түнгі жарық шамдары әсіресе мешіттің түнгі көрінісіне ерекше әсемдік сыйлады.
Расында бүгінгі күндері Меркі өңірінде дін тұтынушы қауым үшін қолайлы жағдайлар жасалып жатыр. Осының өзі аймағымыздағы діни тұрақтылыққа қосылған үлес болса керек. Ал, Рамазан айындағы бұл шара бабалардан мұраға қалған төл ұстанымымыз дәстүрлі Ислам дінінің ауданымызда да кең етек жаюына, ұрпақ бойына имандылық нұрын дарыта беретініне үлес қосатынына сеніміміз мол!
Ауыл имамы осы игі іс-шараға демеушілік еткен азаматтарымызға ризашылығын білдірді. Осындай игі істі жүзеге асырып, халыққа қызмет ететін азаматтарымыз көп болсын.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі