Меркі ауданына қарасты «Жүніс молда» мешітінің жамағаты «Дін мен Дәстүр» аясында аудандық ұлттық мұражайды зиярат етіп қайтты.
«жүніс молда» мешітінің ұстазы Есеналиев Еламанның мұрындық болуымен мешіт жамағаты аудандық ұлттық мұражайды зиярат етіп, «Өз тарихын білмеген ұлттың болашағы бұлыңғыр» дегендей өткен тарихымызға көз жүгіртіп, тарихтан тағылым алып, ғибраттанып қайтты.
Осы игі іс-шараға мұрындық болған ұстаздарына мешіт жамағаты алғыстарын білдірді.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі