#Меркі ауданы: Жат ағымның алдын алу жұмыстары жалғасуда

#Меркі ауданы: Жат ағымның алдын алу жұмыстары жалғасуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданы, Андас батыр ауылдық округі әкімшілігінде ауыл ақсақалдары мен тұрғындары және мешіт қызметкерлері қатысқан жиын өтті.

 Жиынның мақсаты, өскелең ұрпақты жат ағымның жетегінде кетуден сақтау болды. Жиында сөз сөйлеген Жамбыл облысы әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» инспекторы Асылхан Қалмұрзаев дін мен дәстүрдің қоғамдағы алатын орны, салт-дәстүр – ұлт болып қалыптасуымыз үшін қажет екендігін, ең бастысы – ел ішінде тыныштық пен тұрақтылық, ынтымақ пен бірлікті нығайтудың маңызын, ал тұрақтылық пен тыныштық бар жерде ғана өсіп-өркендеу болатындығын жеткізді.

Жиында  көтерілген мәселелер бойынша «Ар-Рахим» мешітінің имамы Алтынбеков Ғабдулла және «Андас батыр» мешітінің имамы Ташкентбаев Амангелді өз ойларымен бөлісті. Артынша Алла Тағаладан Елімізге, Жерімізге амандық тілеп дұға жасалды.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: