#Меркі ауданы: «Судың да сұрауы бар»

#Меркі ауданы: «Судың да сұрауы бар»

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданына қарасты барлық мешіт қызметкерлері қасиетті жұма күні «Судың да сұрауы бар» тақырыбында уағыз-насихат жүргізді.

ХХІ ғасырдың ең өзекті проблемасы – су. Расында адамзат үшін ауадан кейінгі қажеттілік суда. Сусыз тіршілік тығырыққа тіреліп, жойылу қаупі төнеді. Ал су – шектеулі ресурс.

Бүгінде су қорының проблемасы ең өткір болып отырған аймақ – Африка және Орталық Азия. Оның ішінде Қазақстанның жағдайы – өте күрделі. Ауыз суды үнемдеу керек.

Сарапшылардың пайымдауынша, Қазақстан 2050 жылға қарай «суға өте мұқтаж» елдердің санатына кіруі мүмкін. Қазір елімізде 600 мыңнан астам адам таза ауыз суға зәру. Бұл – ауылдағы ағайын ғана емес, қала халқы үшін де өте өзекті мәселе.

Осы орайда, дін қызметкерлері де бұған алаңдаушылық білдіріп, жұма уағызын айтып, Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үмбетіне суды ысырап етпеуді, оны үнемдеуді, ағын суды ластамауды насихаттағанын жеткізді. Суды үнемдеу тек ғұсыл-дәрет кезінде ғана емес, тұтыну орындарында, қоғамдық тамақтану орталықтарында, көлік жуу қызметтерінде де суды үнемдеп, ауыз суға мейлінше мұқият қарауға шақырды.

Алла Тағала Елімізді, Жерімізді берекелі етіп, ондағы бар нығметтің қадірін түсініп, шүкіршілік білдіруімізді баршамызға нәсіп етсін!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: