#Қордай: Апталық семинар жалғасын табуда

#Қордай: Апталық семинар жалғасын табуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы, Сортөбе ауылы «Имамдар үйінде» әр апта сайын Аудандық «Қордай» мешітінің бас имамы Алмұханбетаранжан Егизбаевтің жетекшілігімен дүнген ұлтты яғни атап айтқанда, Мсаншы, Сортөбе, Ауқатты аймағына қарасты имамдарға семинар өтеді. Отырыста бас имам жиынға қатысушы имамдарға уағыз айтудың әдебін, жұма уағызын мемлекеттік тілде айтылу керектігін жан-жақты түсіндіріп берді.

Намазда киімге мән беріп, ақ көйлек, шапан мен тақия міндетті түрде болу керектігінде тілге тиек етті. Жиынның соңында қазақ тілін үйрету үшін арнайы тағайындалған «Қордай аудандық тіл орталығының» маманы Анара Мұқашқызы өзге ұлтты имамдарға ана тіліміздің грамматикалық ережелерін, қазақ тілін үйретуімен жалғасты.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: