Аудандық «Қордай» мешітінің бас имамы Алмуханбетаранжан Егізбаевтің бастауымен мешіт жамағатымен айлық дастархан ұйымдастырылды. Отырыс Құран аяттарын оқумен басталып, ары қарай бас имамның Аллаға мадақ айтып, келелі уағыз-насихатымен жалғасын тапты.
Жиында қонақ болып келген Қаракемер ауылы «Қаракемер 2» мешітінің наиб имамы Жандос Ильясовта жиналған қауымға өзінің салиқалы уағыздарын айтты. Кеш соңы аузы дуалы батагөй ақсақалдардың ізгі дұға-тілектерімен аяқталды.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі



15 Май 2026
28 Зуль-каада 1447

