Әскерге шақыру және әскерден тыс жұмыс бөлімше бастығы Медет Амержан Дарханұлы Масаншы ауылына қарасты «Қордай» Құран қариларын дайындау орталығының шәкірттерімен кездесу өткізді.
Жиынның мақсаты – жастар арасында азаматтық жуапкершілікті қалыптастыру және тәрбие жұмысын жандандыру. Бөлімше бастығы шәкірттерге Отанды қорғау әрбір азаматқа парыз екендігін айтып жеткізді. Білім талап етушілер өз көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, кездесу тәмам болды.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі



16 Март 2026
27 Рамадан 1447

