Аудандық Қаратау "Қажы би" мешіті және "RҮZYQ-MUBARAK" қоғамдық қорымен біріге отырып жағдайы төмен 5 отбасыға азық-түлік таратылып, қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылды.
Аталмыш шарада ауданның бас имамы Жалғасбай Дүйсенбайұлы осы игі істің алдағы уақытта да жалғасын табатындығын тілге тиек етті. Азық-түлік алған отбасы мүшелері арнайы мешітке және қор қызметкерлеріне алғыстарын айтып, ақ баталарын берді.
Аудандық Қаратау "Қажы би" мешітінің баспасөз қызметі