Шу ауданы ЖПБ қызметкерлерімен бірлесе отырып, мектеп оқушыларымен діни кездесу ұйымдастырылды. Шараға Шу қаласы теміржол колледжінің тәлімгерлері де қатысып, баяндама жасады.
Жиында "Темір жол қауіпті аймақ" және "Терроризмге қарсы күрес, жалған ақпараттан сақтану" тақырыбы аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жастар ісі секторының жоспарлы шарасына Бірлік ауылдық мешітінің имамы қатысып, оқушылардың сұрақтарына жауаптар беріп өтті.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі